420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда 9 қарашадан бастап блок-бекеттер қойылады  

  • 288
  • UPD: 21:38, 04.11.2020
Павлодарда 9 қарашадан бастап блок-бекеттер қойылады  

Павлодар қаласында тоғызыншы қарашадан бастап блок-бекеттер қойылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірге іс-сапармен барған премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов облыс әкіміне осындай тапсырма берді. Павлодар-Алматы, Павлодар-Нұр-Сұлтан және Павлодар-Шымкент әуе бағыттарының саны қысқарады. Павлодар-Алматы бағыты бойынша жүретін пойыз аптасына 3 рет қатынайды. Транзиттік бағыттағы теміржол құрамының қала ішінде аялдауына тыйым салынады. Коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші күніне 10 оқиғадан асқан елді мекендерге санитарлық бекеттер орнатылады. Сенбі, жексенбі күндері қоғамдық көліктер жүрмейді. Ірі сауда үйлері, ойын-сауық орталықтары, жалпы аумағы 800 шаршы метрді құрайтын өнеркәсіптік сауда орындарының жұмыс уақыты қысқарады. Барлық жиындар онлайн режимінде өтіп, мекеме қызметкерлерінің 80 проценті қашықтан жұмыс істеу үрдісіне көшеді. Мониторингтік топтар жұмысын күшейтіп, ақпараттық түсіндіруді арттыруы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы