423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыға шет елдерден ұшып келген 258 жолаушыда ПТР анықтама болмаған

  • 129
  • UPD: 21:37, 04.11.2020
Алматыға шет елдерден ұшып келген 258 жолаушыда ПТР анықтама болмаған

Коронавируспен ауырсаңыз, шекарадан аса алмайсыз.

Алматы халықаралық әуежайына шет мемлекеттерден ұшып келген 258 жолаушыда ПТР тестілеудің қорытындысы болмағаны анықталды. Жалпы соңғы аптада елімізге халықаралық 51 әуе рейсі арқылы сегіз мыңнан астам жолаушы келген. Көпшілігінде ПТР тест нәтижесі болған. Анықтама құжаты жоқ азаматтар карантинге оқшауланды.

Кенже Қонысбаева, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы:

– Қараша айының 3-4 аралығында Алматы қаласына 820 жолаушы 7 авиа ұшақпен ұшып келді. Оның ішінде 6 жолаушының ПТР тесті анықтамасы болмады. Алтауы да арнайы карантин мекемеге жатқызылып, олардан анализ алынып, қазіргі таңда жұмыс барысында.

Хабар 24 телеарнасы