423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада карантин режимін бұзудың 54 дерегі тіркелді

  • 90
Елордада карантин режимін бұзудың 54 дерегі тіркелді

Елордалық полицейлер мен арнайы мобильді топ демалыс күндері карантин режимін бұзудың 54 фактісін анықтады.

Олар 546 кәсіпкерлік нысанын тексерді. Мысалы, Adagio лаундж-бары 60-тан аса келушіге санитарлық талаптарды сақтамай қызмет көрсеткен. Сондай-ақ мобильді топ тексеру кезінде 30-дан астам келушісі бар «Бақша» мейрамханасын анықтады. Бұл нысан жұмыс және демалыс күндері бекітілген кестені сақтамай қызмет көрсеткен. Барлық деректер бойынша материалдар Нұр-Сұлтан қаласының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданды.

Хабар 24 телеарнасы