425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында көкпар ұйымдастырғандар анықталды

  • 160
Түркістан облысында көкпар ұйымдастырғандар анықталды elorda.info

Түркістан облысында кезекті рет көкпар ұйымдастырғандар анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінгі таңда Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері карантин талаптарының сақталуы бойынша күнделікті қарқынды жұмыс атқаруда. Тәртіп сақшылары бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысын негізге ала отырып, бетперде тағып жүру, арақашықтықты сақтауды бақылауда ұстауда.

Осындай кезекті рейд барысында Кентау қаласының полицейлері мобильдік топпен бірге Қарнақ ауылына қарасты жайылымда көкпар ойыны өтіп жатқаны, оған 200-ге жуық адам жиналғанын анықтады. Полиция қызметкерлерімен бірден көкпарға жиналған қауым тарқатылды. Мобильдік топ белгіленген талапты сақтамай, көкпарға қатысушы тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Хабар 24 телеарнасы