422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандағы шетелдіктер әйгілі брендтердің жалған акциясын сатқан

  • 81
  • UPD: 20:04, 12.11.2020
Қазақстандағы шетелдіктер әйгілі брендтердің жалған акциясын сатқан

Еліміздің 5 аймағында заңсыз қаржы пирамидасын ұйымдастырған шетел азаматтары ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар әйгілі брендттердің атын жамылып, қазақстандықтарға олардың жалған акциясын сатқан. Елорда мен Алматы және Шымкент, Орал, Ақтөбе қалаларында заңсыз қызмет жүргізген. Бұл компанияға 1000 доллардан бастап салым салынған. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Артур Хайрутдинов, Ақтөбе облысы бойынша Тергеу басқармасының басшысы:

– Қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары өздерін «Unique finance» шетел компаниясының өкілдері ретінде таныстырып, тұрғындарға ақша қаражаттарын ірі компаниялардың бағалы қағаздарына инвестициялауды ұсынғаны белгілі болды. Салымшыларға ай сайын жалпы салған сомаларының 6% көлемінде жаңадан тіркелген серіктестің салым сомасынан 5% пайда алатыны уәде берген.

Хабар 24 телеарнасы