423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматылық қоғам белсенділері онлайн конференция өткізуге қарсы

  • 117
  • UPD: 23:27, 12.11.2020
Алматылық қоғам белсенділері онлайн конференция өткізуге қарсы

Қоғам белсенділері мен «Алматыны қорғаймыз» қозғалысының өкілдері Zoom платформасында өтетін онлайн конференцияларға қарсылық білдірді.

Олар мұнда ашықтық жоқ деп есептейді. Онлайн отырыс 100 адамнан аспауы керек деген шектеу бар. Бірақ көп жағдайда бөтен адамдар отырады. Модератор кейбір сауалдарды қоюға мүмкіндік бермейді. Көп жағдайда қатысушылардың дауысы мүлде естілмейді.

«Онлайн конференциялар біздің елде заңды түрде бекітілмеген. Мұндай көзбояушылыққа жол беруге болмайды», – дейді белсенділер.

Жан Шыңғыс, қоғам белсендісі:

– Онлайн отырыстардың бәрі заңсыз өтіп жатыр. 100 адамнан артық кіре алмайды. Отырған адамдардың аты-жөні жоқ. Нақты осы жерде тұратын тұрғындарды ол жерге кіргізбейді немесе өз сөздерін айтуға мүмкіндік бермейді. Артық ақша жұмсауды қолға алып, халықтың салығын нақты бір жерге жұмсауды қадағалау жүргізуді талап етеміз.

Хабар 24 телеарнасы