425.40 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚСЗИ жанынан әлеуметтік зерттеулер бөлімі ашылды

  • 81
  • UPD: 23:36, 14.11.2020

Қазақстан Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтында әлеуметтік зерттеулер бөлімі ашылды.

Осылайша отандық қоғамтану саласын дамыту қолға алынады. Енді бірыңғай алаңда сарапшылар өз зерттеулерінің нәтижесін жариялап тәжірибе алмасып қана қоймай, өзекті тақырыптарды талқыға салады.

Жергілікті ғалымдардың айтуынша, елде қолданбалы әлеуметтану тармағына баса мән беру қажет. Бірыңғай базаның жоқтығы кесірінен зерттеулер қорытындысы негізге алынбай отыр.

«Сондықтан әлеуметтік жұмыстарды кеңінен насихаттау керек» дейді мамандар.

Юлия Кучинская, қоғамдық саясат институтының директоры:

- Әлеуметтік салаға қатысты бастама бұрындары да көтерілген. Менің білуімше, кезінде мемлекеттік органдар осы бағытта талпынып та көрді. Бұл жерде өзара ықпалдастық пен ашықтыққа ден қою керек. Жиналған деректерді кім және қалай қолданады деген қауіпсіздік жағы да алаңдатады.

Хабар 24 телеарнасы