419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде ЕАЭО жұмысшыларын зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңға қол қойылды

  • 140
  • UPD: 12:02, 26.11.2020
Елімізде ЕАЭО жұмысшыларын зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңға қол қойылды

Сенат депутаттары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі келісімді ратификациялау туралы заң қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құжатқа сай жұмысшының құқықтары жұмысқа орналастырушы мемлекеттің азаматтарымен теңеседі. Сондай-ақ әрбір мемлекет жұмысшыға өз аумағындағы жұмыс өтіліне байланысты зейнетақы төлейді. Төлем мөлшері әр елдің ұлттық заңнамасына сай тағайындалады. Айта кетейік, 2014 жылы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта интеграциялық бірлестік аумағында жұмысшыларға жағдай жасау үшін тиісті нормалар бекітілген. Осыған орай келісім әзірленді. Оған одақтас мемлекеттердің президенттері былтыр Ресейде қол қойды.

Хабар 24 телеарнасы