419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ТЖД: Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар!

  • 102
  • UPD: 17:23, 30.11.2020
ТЖД: Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар!

Жамбыл облысында екі бала суға кетіп, қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайғылы оқиға Үлгілі елді мекенінде болған. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ойын балалары ауыл маңындағы каналда қатқан мұзға сырғанауға барған. Асыр салған жеткіншектердің салмағынан жұқа мұз жарылып, тоғыз және алты жастағы екі бала су түбіне кетті. Жанындағы балалардың бірі көмек шақыруға жүгірген. Алайда жәрдем келгенде барлығы кеш болған көрінеді. Ал екіншісі қорыққанынан жасырынып қалыпты. Абырой болғанда туған-туыстары іздеп тауып алды. Қайтыс болған қос жасөспірімнің денесін арнайы сүңгуір мамандар шығарды.

Талғат Сабыров, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Қаза болған балалар қараусыз қалған. Сол себептен ойнап суға батып кетті. Қазір енді қыс алда келе жатыр ғой. Мұндай оқиға болуы мүмкін. Осындай оқиға болмас үшін балаларға қарау керек. Осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Үгіт-насихат жұмыстарын өткізіп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы