425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскеменде электронды кітапхана ашылды

  • 313
  • UPD: 20:18, 01.12.2020
Өскеменде электронды кітапхана ашылды

Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техниалық университетінде цифрлы кітапхана ашылды.

Бұл әсіресе қашықтан оқитын студеттер үшін қолайлы болды. Онлайн жүйеде жұмыс істейтін жаңа залдар да дайындалды. Бұл – Тұңғыш Президенттің тапсырмасы бойынша іске асқан жобалардың бірі. Енді өз нәтижесін беріп жатыр. Қашықтықтан оқытудың барлық талаптарын ескере отырып, 4 мыңға жуық кітапты цифрлық жүйеге көшірілді. Әр кітапты бір минут ішінде телефонға жүктеп алуға болады. Оның ішінде Елбасының 40 туындысы бар.

Риза Бегімова, кітапханашы:

– Кітапхана бүгінгі күні заман талабына сай өркендеп отыр. Жан-жақты қамтылған. Жаңа инновациялық құралдармен. Мен қуаныштымын. Университет кітапханасы әр түрлі зоналарға бөлінген.

Хабар 24 телеарнасы