419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда 2,4 млн шаршы метр баспана салынды

  • 148
  • UPD: 13:22, 07.12.2020
Алматыда 2,4 млн шаршы метр баспана салынды Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев ОКҚ брифингі барысында тұрғын үймен қамтамасыз ету шаралары және тұрғын үй құрылысының қарқыны туралы айтты.

2020 жылы Алматыда 2 млн 396 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі, бұл – 22 626 пәтер, 2062 жеке тұрғын үй. Оның ішінде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 290 мың шаршы метр тұрғын үй, бұл – 5 206 пәтер.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, «7-20-25» жеңілдетілген ипотекалық несиелендіру бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда, осы арқылы 76,5 млрд тг сомасына 5605 пәтер алу мақұлданды.

Биылғы жылы Алматы әкімдігі білім және ғылым, БАҚ, әлеуметтік қызмет көрсету салаларында қызмет ететін 35 жасқа дейінгі жастарға арналған «Алматы Жастары» атты жеңілдетілген ипотекалық несиелендіретін жеке бағдарламасын іске қосты.

Бағдарлама бойынша бастапқы жарна пәтердің жалпы құнының 10%-ін құрайды. Кредиттік шарт жылдық 5%-бен 25 жыл мерзімге ресімделеді. Жеңілдетілген шарттардың арқасында медицина қызметкерлері, мұғалімдер, ЖОО мен ҒЗИ оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері, журналистер, жазушылар, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы қызметкерлері арасынан 894 алматылық жастар көптен күткен пәтерлерді бастапқы және қайталама тұрғын үй нарығынан сатып алды.

Жыл соңына дейін қаланың барлығы 1 мың жас тұрғындары баспаналы болады.

Келіп түскен өтініштердің санын ескере отырып, бұл қала жастары тарапынан сұраныстың артқанын көрсетеді, бағдарламаны іске асыру келесі жылы жалғасады.

Хабар 24 телеарнасы