427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында республикалық және облыстық маңызы бар жолдар жөнделіп жатыр

  • 212
  • UPD: 15:22, 14.12.2020
Түркістан облысында республикалық және облыстық маңызы бар жолдар жөнделіп жатыр

Түркістан облысында республикалық және облыстық маңызы бар тас жолдар қайта жөнделуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биылға жоспарланған 6 учаскенің бесеуіндегі жұмыстар аяқталды. Жалпы 88 шақырым жөнделді. Сондай-ақ биыл өңірдегі Жетісай мен Мақтаарал аудандарында да 130 шақырым жол жөнделмек. Жыл соңына дейін «Үлгілі – Таубай ата» және «Ынталы – Фирдоуси» автомобиль жолдарында жұмыстар толық аяқталып, пайдалануға беріледі. Ал «Жетісай – Мақталы» бағытындағы ұзындығы 20 шақырым болатын облыстық маңызы бар жолдың құрылысы аяқталуға жақын.

Өмірзақ Шөкеев, облыс әкімі:

- Шекара бойындағы Мақтаарал, Жетісай, Шардара, Келес, Сарыағаш аудандарында 1 млн-ға жуық халық тұрады. Былтыр облыстың дамуының кешенді жоспарын дайындаған кезде осы аудандарға көбірек көңіл бөлеміз деп шешкенбіз. Ең бірінші жол мәселесі. Былтырғы жылдың басында жолдың қанағаттанарлық жағдайы 52% болатын. Бір жылдың ішінде республикалық және жергілікті жолдар, ауыл арасындағы жолдар 90% жақсы сапаға жетті.

Хабар 24 телеарнасы