421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда блок бекетте жүргізушілерге тәттілер таратылды

  • 121
  • UPD: 15:19, 15.12.2020
Павлодарда блок бекетте жүргізушілерге тәттілер таратылды

Волонтёрлер Павлодарға кіреберістегі блок бекеттен өткен жүргізушілерді тәтті сыйлықпен қуантты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар Тәуелсіздік мерекесінің құрметіне мемлекеттік тудың суреті бейнеленген шағын шоколадтарды таратып шықты. Игі шараға қалалық әкімдіктің қызметкерлері де атсалысты. Қазір Павлодар «сары аймаққа» өтті. Соған қарамастан облыс орталығына кіретін барлық жолдарда блок бекеттер жұмыс істеп тұр.

Анна Солдатова, Мичурин ауылының тұрғыны:

- Кішкентай сыйлықтың өзінен көңілің көтеріліп қалады екен. Мені ғана емес, осы блок бекеттен өтіп жатқан барлық адамды әдемі әсерге бөледі деп ойлаймын.

Дана Серімбаева, волонтёр:

– Жүргізушілер жадырап, сала береді. Бұл болмашы нәрсе ғой. Бірақ адамға қуаныш сыйлағанға не жетсін. Елімізде бәрі жақсы болады. Індетті жеңіп шығамыз. Ешкім ауырмасын. Мен барша қазақстандықты мерекемен құттықтаймын. Денсаулық, бақытты өмір тілеймін. Өздеріңізді, жақындарыңызды қорғаңыздар.

Хабар 24 телеарнасы