418,54 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда карантиндік шектеу шаралары қайта күшейтілді

  • 122
Атырауда карантиндік шектеу шаралары қайта күшейтілді

Атырау облысының мемлекеттік бас санитар дәрігері Амантай Жұмағалиевтың жаңа қаулысымен карантиндік шектеу шаралары қайта күшейтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бас санитар дәрігердің №71 қаулысында: «Атырау облысының аумағында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары енгізілсін. Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін», - делінген.

Қаулыға сәйкес, Теңіз кен орнында карантиндік және шектеу шаралары эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылды. Ал өңір тұрғындарына респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде (құрғақ жөтел, қызба, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т.б.) медициналық ұйымдарға бармай, жедел медициналық көмек 103-ке қоңырау шалу арқылы үйден медициналық көмекке жүгіну; Қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану кезіндеәлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып және 5 жасқа дейінгі балаларды коспағанда, қоғамдық орындарда, баруға және демалуға арналған орындарда, қоғамдық көліктерде медициналық немесе мата бетперделерін кию міндетті; Жасы 65-тен асқан адамдарға азық-түлік, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды, сондай-ақ қажетті тауарларды сатып алуды және медициналық мекемелерге баруды қоспағанда аса қажеттілік болмаса тұрғылықты жерінен шықпауға ұсыныс беріліп отыр.

Сондай-ақ облыс тұрғындары халық көп шоғырланатын жерлерге бармауға, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға, бетперде тәртібін және жеке бас гигиенасын сақтауы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы