418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кәсіпорындар үшін «ластаушы төлейді» қағидаты енгізіледі

  • 130
  • UPD: 14:13, 21.12.2020
Кәсіпорындар үшін «ластаушы төлейді» қағидаты енгізіледі

Өндіріс орындарына озық технологиялар енгізу арқылы экологиялық ахуалды жақсартуға болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал қоршаған ортаны ластаған кәсіпорын оның залалын өзі жоюға міндетті. Сенат бүгін жаңа Экологиялық кодексті қабылдады. Ал оған ілеспе заң жобаларына бір-екі өзгерту енгізіліп, Мәжіліске қайтарылды. Озық технологиялар енгізу үшін кәсіпорындарға уақыт беріледі.

Жалпы, кодекстегі «ластаушы төлейді» қағидаты іске асқан кезде, кәсіпорындардың жаңғыруына ынталандыру болады. Алдымен елдегі мұнай-газ, тау-кен металлургиясы мен химия саласындағы 50 ірі кәсіпорын жаңа технология енгізуді бастайды. Себебі ластанудың 80 проценті осы өндіріс орындарға тиесілі.

Хабар 24 телеарнасы