421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Вирустың мутацияға ұшыраған түрін анықтау қиын – маман

  • 122
  • UPD: 22:15, 21.12.2020
Вирустың мутацияға ұшыраған түрін анықтау қиын – маман

Қазақстанда коронавирустың мутацияға ұшыраған түрі әлі тіркелмеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлыбритания дәрігерлері вирустың жаңа штамы тез тарап жатқанын айтып, дабыл қағып жатыр. Корольдіктің қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің мәлімдеуінше, елге ковидтің мутацияға ұшыраған түрі қыркүйек айында келген. Қарашада Лондонда ауырғандардың 25%-і індеттің жаңа түрін жұқтырған. Ал желтоқсанның ортасында бұл көрсеткіш 65%-ке жеткен. Вирусолог маманның айтуынша, біздің елде ковидтің түрін анықтау қиын.

Маржан Мырзалы, қоғамдық денсаулық сақтау маманы:

- Қазақстанда вирустың нақты түрін анықтап айту қиын. Ұлыбританияда арнайы қызмет бар. Олар жіті тексеріп, зерттеу жүргізіп, қандай түрі екенін біліп отырады. Біздің елімізде және көршілес мемлекеттер мен Ресейде ол бақылауға алынбаған. Терең зерттеу жүргізілмейді. Ал, біздегі вакцинаның әсері жоғары. Вакцина вирустың қай түрінен де қорғай алады. Мутация вирустың бір бөлігінде ғана жүреді.

Хабар 24 телеарнасы