418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында тастанды балаларға арналған орталық ашылды

  • 121
  • UPD: 23:24, 21.12.2020

Тастанды сәбилердің өмірін сақтап қалу мақсатында қайырымдылық қорының бастамасымен Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасының жанынан «Үміт бесігі» орталығы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түрлі себептермен бауыр еті баласынан безінгендер енді кішкентайын көшеге емес, күні-түні жұмыс істейтін осы жерге қалдыра алады. Егер ар-ұяты оянған аналар сәбиін қайтадан қолына алғысы келсе, үш айға дейін мүмкіндігі бар.

Гүлмира Байділдәқызы, Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

- Ол жаңағы біздің «Отис» деген охрананың күзетінде болады. Оның жаңағы мына есігі ашылған кезде күзетке телефонға келіп түседі қоңырау. Біздің мейірбикеміз бар. Жаңағы баланы алып кетеді. Оған ары кетсе 1,5 минуттық уақыт кетеді. Баланы реанимацияға алып барады.

Сапархан Айдарханұлы, Еңбекшіқазақ ауданының бас имамы:

- Бір адамдар көз жасы тыйыла алмай жылап, мешіттерде дұға қылып, «иә Раббым маған бір перзент берші, ұрпағымды жалғайтын бала-шаға берші маған» деп жылап жатқан мұсылмандарымызды көріп жатамыз, ағайындар. Бұл жерге әкеп тастап кете беру бізде исламда да, шариғатымызда да оны құптамайды, бұл жақсы нәрсе емес.

Хабар 24 телеарнасы