421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Талдықорғанда жас жігіт егде жастағы әйелді тонаған

  • 240
  • UPD: 15:56, 24.12.2020
Талдықорғанда жас жігіт егде жастағы әйелді тонаған

Талдықорғанда полицейлер егде жастағы әйелді тонаған күдіктіні ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Талдықорған қаласы ПБ Батыс полиция бөлімінің кезекші бөліміне 66 жастағы жергілікті тұрғын тоналғаны туралы арызданған. Жастар шағын ауданында белгісіз ер адам әйелден әмияны, 85 мың теңгеден астам ақша қаражаты, банк картасы, жеке куәлігі және зейнетақы куәлігі бар сөмкесін алып кеткен. Аталған дерек ҚР ҚК 191-бабының 1-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркелді.

Күдікті ақшаны алып, сөмкені, әмиянды және құжаттарды қылмыс орнына жақын жерге лақтырып жіберген. Тәртіп сақшылары жедел түрде күдіктінің тұрған жерін анықтап, оны орталық саябақ аумағынан ұстады. Ұсталған азамат облыс орталығының еш жерде жұмыс істемейтін 19 жастағы тұрғыны болып шықты. Қарақшылық дерегі түсіп қалған бейнежазба мен басқа да дәлелдемелер ұсынылғаннан кейін ол ақшаны өзінің жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын жеткізіп, қылмыс жасағанын мойындады.

Тергеу барысында ол сөмкені, әмиянды және құжаттарды тастаған жерлерді көрсетті. Күдікті ҚР ҚІЖК 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмейді.

Хабар 24 телеарнасы