Денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша, Қордай ауданындағы ғылыми зерттеу институтының биологиялық қауіпсіздік мәселелері орталығында шығарылған вакцинаны салдыруға өңір бойынша мың адам өтініш берген, деп хабарлайды «Хабар 24».
Төрт күн ішінде 152 адамға екпе жасалды. Қазір олар жіті бақылауға алынып, зерттеу жүріп жатыр. Сынақ сәтті өтсе, вирусқа қарсы вакцина көктемде жаппай өндіріле бастайды.
Әсет Қалиев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
– Облыс әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаев бүгін вакцинация алды, облыс әкімі бақылауға алынып, тексерілетін болады. Егер нәтиже жақсы болса, онда ол кең көлемде өндіруге жіберіліп, Қазақстан тұрғындарына вакцинация жасауға пайдаланатын болады.