Астана экономикалық форумына Португалияның атақты саясаткері, «Жаңа еуразиялық континент» кітабының авторы және бизнес-стратег Бруно Масаеш басты спикерлердің бірі ретінде қатысатын болды. Ол бір кездері Португалия үкіметінде Еуропаның кіші министрі және Вашингтон мен америкалық институттардың ғылыми қызметкері болған. Сондай-ақ факт-чекинг саласының, яғни бұқаралық ақпарт құралдарының қолына түскен ақпараттардың дәлелді екенін растайтын сарапшы Джон Гринберг те форумда баяндама жасауға ниет танытқан. Көпшілік оны өз ісінің қас шебері ретінде таниды. Ол кәсіби тілшілермен зерттеу жұмыстарын шебер жүргізгені үшін екі мәрте марапатталған.