Мұны интернет сегментке мониторинг жүргізген Мемлекеттік техникалық қызмет анықтады, деп хабарлайды «Хабар 24». Яғни, отандық банктердің бірінің ішкі сервисінің кілтсөздері қараусыз қалған. Қаскөйлер веб-қосымша файлдардың резервтік көшірмелері ашық қалғандықтан, мәліметке оңай қол жеткізе алар еді. Бас-аяғы 11 файлда банк клиенттері мен VPN кілтсөздері бар қызметкерлер туралы ақпарат қамтылған. Бұл мәліметтер арқылы банктің ішкі жүйесіне еркін қосылып, қаржылық операцияларды жүргізуге болады.