374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында жаз басталғалы төрт адам суға кеткен

  • 207
Қостанай облысында жаз басталғалы төрт адам суға кеткен

Қостанай облысында биыл төрт адам суға кеткен.

Оның екеуі – кәмелеттік жасқа толмаған бала. Бұл қайғылы оқиғалар жабдықталмаған жағажайларда болған. Осындай келеңсіз жайттардың алдын алу үшін құтқарушылар мен денсаулық сақтау саласының мамандары демалыс лагерлерінде балалармен оқу-жаттығу өткізіп жатыр. Кезекті шара Тобыл өзені жағасында ұйымдастырылды. Бұл жерде жеткіншектер алғашқы медициналық көмек көрсетудің, судан құтқарудың амал-тәсілдеріне қанықты. Қазір өңірде арнайы жабдықталған екі қоғамдық және он бес жекеменшік жағажай бар. Өзен-көлдердің қалған бөлігінде төтенше жағдайлар қызметкерлері күнделікті кезекшілік жүргізеді.

Дәурен Саринов, облыстық ТЖД бөлім басшысы:

– Балалардың көбі ата-ана қарауынсыз суға түседі. Кезекшілік барысында біздің қызметкерлер үш жеткіншекті батып бара жатқан жерінен құтқарып қалды. Оқиға Гагарин тоғаны тұсында болды. Рейд кезінде ересектерсіз суға шомылған балаларды жиі кезіктіреміз.Олар бізден қашып кетуге тырысады.

Осы категория бойынша: « Петропавлда жоғалып кеткен баланың өлі денесі Есіл өзенінен табылды Ақтөбеде 20 жастағы жігіт суға кетті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы