365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Денис Теннің қазасына байланысты ресейлік әріптестері көңіл айтты

  • 390
  • UPD: 10:05, 20.07.2018

Денис Теннің қазасы туралы хабар мәнерлеп сырғанау әлемі үшін күтпеген жағдай болды.

Ресейлік әріптестері қазақстандық талантты спортшыны тебірене еске алып, жақындары мен туған-туыстарына қайғырып, көңіл айтты.

Қаралы хабар ресейлік спортшылардың да қабырғасын қайыстырды. Жарқ еткен жас таланттың қыршыннан қиылғанына сенер-сенбесін білмеген әріптестері есеңгіреп қалғанын жасырмады.

Илья Авербух, мәнерлеп сырғанаушы, Ресейдің еңбек сіңірген спорт шебері:

– Мәнерлеп сырғанау әлемі үшін бұл орны толмас қаза болды. Денис – өте керемет адам еді. Тәрбиелі, әрдайым үлкенге құрмет, кішіге ізет танытатын. Мәнерлеп сырғанауда спортшылар өте көп. Бірақ Денис Теннің орны ерек еді.

Александр Горшков, Ресейдегі мәнерлеп сырғанау федерациясының президенті:

– Бұл тек жақындары мен туған-туыстары үшін ғана емес, күллі қазақ елі және мәнерлеп сырғанау әлемі үшін трагедия болып отыр. Мен Дениспен жақын араластым. Ол ақылды және мейірімді адам ретінде менің жадымда қалды.

2004-2010 жылдар аралығында Денис Тен Мәскеу қаласында Елена Буянова және Татьяна Тарасованың жетекшілігімен жаттыққан болатын. Мәнерлеп сырғанаушыларға арналған оқу орталығының құрмет тақтасында оның бала кездегі фотосуреттері ілініп тұр. Ұстаздары дарынды шәкіртін тебірене еске алды.

Елена Буянова, мәнерлеп сырғанау бойынша жаттықтырушы:

– Ол өте ерекше бала еді. Шетелге Қазақстанды танытқысы келді. Өз Отанына деген махаббаты шексіз болатын. Қазақ елі Денисті қаншалықты құрметтейтінін білемін. Ол – шынында да нағыз халықтың баласы.

Татьяна Тарасова, мәнерлеп сырғанау бойынша жаттықтырушы:

– Ол әлі талай жетістікке жетер еді. Қайғылы хабардан есеңгіреп қалдық. Өкінішті, әрине.

Сондай-ақ спорт әлемінің танымал қайраткерлері Александр Жулин, Евгений Плющенко, Ирина Роднина, Дмитрий Соловьев Денис Теннің жақындары мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтты.

Осы категория бойынша: « Алматылықтар Денис Тенмен қоштасу шарасын ұйымдастырды Денис Тенді өлтірді деген күдікті өз қылмысын мойындады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы