374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда 9 жастағы бала көлік айдап, көпір жанындағы тірекке соғылды

  • 172
  • UPD: 15:02, 10.08.2018
Оралда 9 жастағы бала көлік айдап, көпір жанындағы тірекке соғылды Rostov.ru

Оралда осыдан бірнеше күн бұрын бөтен көлікті айдап кеткен 9 жастағы жеткіншек тағы да тап сондай бұзақылық жасады.

Еске сала кетсек, тамыздың 6-ы күні ол жол талғамайтын Suzuki джипін мініп кетіп, «Лада Гранта» жеңіл көлігіне соқтығысқан болатын. Ал балақайға көлік жүргізуді үйреткен әкесі болса: «Ұлым үйде көбейту кестесін жаттап отырды, қалай далаға шығып кеткенін аңғармай да қалыппын» деп ақталған еді. Арада апта өтпей жатып келеңсіз жағдай тағы да қайталанып отыр. Бұл жолы «Тойотаны» тақымдап кеткен тентек көпір бағанына түйісіп тоқтаған. Шағын автобусқа айтарлықтай зақым келгенімен, ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиға 9 тамыз күні кешкісін болды. БҚО ІІД баспасөз қызметі аталған жағдайдың мән-жайы туралы арна тілшісіне бүгін түстен кейін хабарлайтынын мәлімдеді.

Авторы: Талғат Серікқалиұлы

Осы категория бойынша: « Ақтөбеде кәуап пісірмек болған жүкті әйел күйіктен көз жұмды Атыраудағы жылу құбырынан өрт шықты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы