360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде жасөспірімнің өліміне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр

  • 134
Ақтөбеде жасөспірімнің өліміне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр NewTimes.kz

Ақтөбеде пышақ жарақатынан көз жұмған жасөспірімге қатысты сот отырысы жалғасып жатыр.

Бұл жолы оқиғаның куәгерлері мен сарапшы психологтар тыңдалды.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың маусым айында мектеп түлегі Дүсіповты өз қатарласы Бекназ Кеңшілік бірнеше жерден пышақтаған еді. Ауыр жарақат алған Дүсіпов облыстық балалар клиникалық ауруханасында көз жұмды. Биылғы жылдың «Алтын белгі» иегері Кеңшілікке Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Адам өлтіру» бабы бойынша айып тағылды. Аса ауыр қылмыс жасалғандықтан процесуалдық келісім болмады. Мемлекеттік айыптаушының мәлімдеуінше, Дүсіпов пен Кеңшіліктің арасында өшпенділік болған.

Хабар 24 телеарнасы