366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жолаушылар пойызында жамбылдық азамат 16 келі есірткімен ұсталды

  • 217
  • UPD: 17:46, 21.09.2018

Қызылорда облысында жамбылдық азамат есірткімен ұсталды.

Көліктегі Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 жастағы жігіт «Алматы-Маңғышлақ» бағытындағы жолаушылар пойызында қолға түскен. Тексеру кезінде одан салмағы 16 келіден астам «кептірілген марихуана» тәркіленді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ләззат Қасымжанова, көліктегі ІІД басшысының баспасөз хатшысы:

– Күдікті Ақтау қаласына бара жатқан. Қандай мақсатта қолданатындығы тергеу барысында анықталады. Ағымдағы жыл басынан бері Көліктегі ішкі істер департаменті қызметкерлерінің заңсыз айналымнан 107 келі есірткі заттарын тәркіледі. Сондай-ақ есірткі контрабандасына қатысты 10 факт, аса ірі көлемде есірткі заттарын сақтаудың 21 фактісі анықталды.

Хабар 24 телеарнасы