365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте екпе қабылдау үшін медициналық мекемеге барған азамат қайтыс болды

  • 290
Шымкентте екпе қабылдау үшін медициналық мекемеге барған азамат қайтыс болды domadoktor.ru

Шымкенттегі жекеменшік медициналық мекемеде ем алмақ болған азамат қайтыс болды.

Медициналық орталыққа шипа іздеп барған 29 жастағы қала тұрғыны керісінше клиникада көз жұмған. Шаһардағы Ә.Молдағұлова көшесі бойындағы дәріхана жанынан ашылған емдеу бөлмесіне ерлі-зайыптылар дәрігер берген тағайындау бойынша, екпе қабылдау үшін бас сұққан. Қайтыс болған азаматтың туыстары, мұндағы ақ халаттылар пациентке дәрі-дәрмек салар алдында сынама жасамағанын айтады. Қайғылы оқиға бойынша Шымкент қалалық ІІД сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізіліп жатыр.Айта кету керек, қайтыс болған азамат Шымкент қалалық ІІД-нің қызметкері екендігі де белгілі болды.

Нұршат Байшымырова, марқұмның туысы:

– Нұсқауды осы мекеменің дәрігері берген. Оның лицензиясы бар ма, жоқ па? Оны білмейміз. Медбике «екпе жасамадық» деп өтірік айтты. Кіріп барсам, жамбасында иненің ізі тұр. Қанның да ізін көрдім. 4 күн бұрын келгенде сынама аламыз деген. Бүгін сынамасыз екпе жасаған.

Хабар 24 телеарнасы