360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Баласын таспен ұрған күдіктіні қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

  • 173
Баласын таспен ұрған күдіктіні қамауда ұстау мерзімі ұзартылды total.kz

Өз баласын таспен өлімші етіп ұрған күдікті Мұрат Асқароғлыны қамауда ұстау мерзімі 1 қарашаға дейін ұзартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Естеріңізге сала кетейік 16 шілдеде Алматыдағы Шығыс айналма автожолының бойында басынан ауыр жарақат алған 4 жасар бала табылған еді. Алғашында белгісіз біреу көлігімен соғып кетіп, ізін суытқан деген болжам айтылған. Алайда полицейлер бейнебақылау камералары мен басқа да дереккөздерді зерттей келе, күдікті ретінде баланың әкесі Мұрат Асқароғлыны қамауға алған болатын. Оған Қылмыстық кодекстің 106-бабы бойынша «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» деген айып тағылып отыр.

Диас Махамбетов, қалалық соттың баспасөз қызметі жетекшісі:

– Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысымен Мұрат Асқароғлыға қатысты бұлтартпау шарасы-қамауда ұстау үш ай мерзімге ұзартылған. Яғни бірінші қарашаға дейін. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы