378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таразда 24 жастағы жігіт мейрамхана сейфінен 1 млн теңгені жымқырған

  • 316
  • UPD: 13:34, 10.01.2019
Таразда 24 жастағы жігіт мейрамхана сейфінен 1 млн теңгені жымқырған Ридус

Таразда 24 жастағы азамат мейрамхана сейфінен 1 миллион теңгені жымқырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның бұл әрекеті бейнебақылау камераларының біріне түсіп қалды. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше ол жуырда ғана әкімші болып жұмысқа орналасып, кәсіп иесінің сеніміне кірген. Күдікті ұрланған ақшаны букмекерлік кеңеселерге ұтыс ойындарға тігіп, жаратып жіберген. Қазір бұл азамат өз кінәсын мойындады. Сондай-ақ қаладағы кафелердің бірінде 29 жастағы азамат жәбірленушінің қалтасынан 1 млн 90 мың теңгесі мен 1000 АҚШ долларын ұрлап алған. Тергеп-тексеру нәтижесінде ұры анықталды. Ол жасаған әрекетін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазір аталған қос дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Хабар 24 телеарнасы