378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада 10-сынып оқушысы құдыққа түсіп кеткен баланы құтқарды

  • 391
  • UPD: 17:26, 15.02.2019
Астанада 10-сынып оқушысы құдыққа түсіп кеткен баланы құтқарды

Астанада анасымен далада серуендеп жүрген бала құдыққа түсіп кетті.

Оны шығарып алуға 10-сынып оқушысы көмектескен. Бұл туралы ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов хабарлады. 5 жастағы бала анасымен Қарасай батыр көшесінде серуендеп жүріп, екі метр терең құдыққа түсіп кеткені туралы хабар құтқарушыларға 15 ақпанда сағат 11.30-да түскен. Құтқарушылар келгенше, №39 мектептің 10-сынып оқушысы баланы құдықтан алып шыққан.

Хабар 24 телеарнасы