379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте нәрестеге ыстық сумен клизма жасалған

  • 140
  • UPD: 23:52, 02.04.2019

Шымкентте медбике іші жүрмей қалған 1 жасар нәрестеге қайнаған сумен клизма жасаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан баланың ішек құрылысы зақымданып, І-ІІ дәрежелі термиялық күйік алды. Жантүршігерлік оқиға Шымкет қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында болған. Қалалық Денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі берген мәліметке сенсек, медбике емдік шараны жасамас бұрын судың температурасын тексермеген көрінеді. Қазір осы дерекке қатысты қызметтік тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Үш медициналық қызметкер тергеу аяқталғанға дейін жұмысынан шеттетілді. Дәрігерлер сәбидің жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.

Амангелді Нұрлыбаев, Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері:

- Қалыпқа келу үшін кем дегенде 10-15 күн қажет. Ешқандай асқыну болмайды. Біз әруақытта көмектесуге дайынбыз.

Хабар 24 телеарнасы