378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде орталық базарда өрт шықты

  • 214
  • UPD: 11:07, 09.05.2019
Ақтөбеде орталық базарда өрт шықты

Ақтөбеде орталық базар аумағында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР ІІМ ТЖК өкіліне сілтеме жасап.

Ақпарат бойынша 9 мамырда сағат 04.30-да «Айсұлтан» сауда павильонының шатырынан өрт шығып, жану алаңы ұлғая берген.

Өрт сөндірушілер сағат 05.52-де өртті ауыздықтады. 06.28-де ол толығымен жойылды. Жалпы 1650 шаршы метр жанған.

Өртті сөндіруге Ақтөбе облысының ТЖД жеке құрамынан 127 адам және 20 өрт сөндіру техникасы жұмылды.

Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.

Хабар 24 телеарнасы