378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда мереке күндері осымен екінші автобус өртенді

  • 112
  • UPD: 13:27, 11.05.2019

Петропавл қаласында мереке күндері екі бірдей автобус өртеніп кетті.

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

-  Вот люди смотрите,  и на таких автобусах мы ездим.  Ездим и не знаем,  когда они загорятся.

Бұл 9 мамыр болған оқиға. Соңғы аялдамада тұрған 8-інші бағыттағы автобус кешке қарай тұтанып, түгі қалмай жанып кеткен. Бүгін таңертең тағы бір қоғамдық көлік отқа оранды. Төтенше жағдай қызметкерлерінің хабарлауынша, салондағы 12 жолаушы далаға шығып үлгерген. Болжам бойынша, автобустың электр сымдары тұйықталып қалған болуы мүмкін. Енді оның нақты себебі анықталады.

Хабар 24 телеарнасы