378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да белгісіз біреулер жанармай бекетін тонады

  • 93
  • UPD: 10:55, 14.05.2019

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша қаласында жанармай бекеті тоналды. Бетперде киген белгісіз екі адам тапа-тал түсте терезені сындырып, баса көктеп кірген.

Қарақшылардың әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Олардың мұндай қылмысқа баруына не түрткі болғаны белгісіз. Күдіктілер 10 мың теңге шығын келтірген. Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде тәртіп сақшылары екі адамды ұстады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Шығыс Қазақстанда өрт қауіпсіздігіне салғырт қарайтындар қатары азаймай отыр. Аймақта құрғақ шөптің өртенуі жиі тіркелетін болған. Құтқарушылардың айтуынша, тұрғындар арамшөптерді немесе күл-қоқыстарды жаққан кезде ешқандай қауіпсіздік талаптарын сақтамайды. Осыған орай өңірде қазір 56 мобильді  топ құрылды.Ол құрамға өрт сөндіруші мамандар,полиция қызметкерлері және жергілікті атқарушы орган өкілдерінен тұратын жалпы 340 адам жұмылдырылды. Осылайша өткен мереке күндері 40- тан астам рейд жүргізіліп,30-ға жуық адамға ескерту түріндегі хаттама толтырылды.Егер ол адамдар қайталап тәртіп бұзса,20 АЕКе дейін айыппұл төлеуі ықтимал.

Анастасия Скляр, облыстық ТЖД баспасөз хатшысы: 

- Осы  хаттама  толтырылған  адамдардың  барлығы  да қарапайым  сақтық  ережелеріне  салғырт қарағандар.Олар әкімшілік кодекстің  336 шы  бабы  бойынша  жауапқа  тартылып  отыр.Егер  осы тәртіп бұзушылықты қайталайтын болса 20  Айлық есептік көрсеткішке   дейін  айыппұл  төлеуі  мүмкін.

Семейде бірден 4 жер үй өртеніп, құтқарушыларды әбігерге түсірді. Тілсіз жау 8-шақырым көшесіндегі үйдің қорасынан шыққан. Алайда жапсарлас салынған көршілердің ғимараттарына бірден лап ете түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнынан 27 литрлік 5 газ балонын алып шығып, апаттың алдын алды. Жалпы 175 шаршы метр аумақ жанып кетті, абырой болғанда адам шығыны жоқ. Қызыл жалынның бетін қайтаруға 12 техника мен 50 адам күш салды.

Атырау облысында мамырдың 1-12 аралығында 2300 ден астам құқық бұзушылық оқиғасы тіркелді. Қоғамдық тәртіпті бұзу деректері негізінен жолда жүру ережелерін бұзу, ұялы байланыс телефонымен сөйлесу, жылдамдықты асыру, көлікті мас күйінде жүргізу және тұрғындардың қоғамдық тәртіпті бұзуына қатысты тіркелген. Тек авто жүргізушілер ғана емес мереке күндері түнгі тынытыштықты бұзған, қоғамдық орындарда ішімдік ішкендер де жауапқа тартылды. Құқықтық тәртіпті бұзған барлық азаматттар әкімшілік және құққықтық жауапкершілікке шақырылып, түрлі көлемде айыппұл төлейтін болады.

Бақытгүл Сәрмекова, облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілі:

- Мамыр айының 1-12 сі аралығында барлығы 2316 әкімшілік-құқық бұзушылық істері тіркелді. Оның ішінде 15 жүргізуші көлікті масаң күйде басқарғаны үшін әкімшілік жазаға тартылып, жинақталған іс құжаттар сотқа жолданды.

Хабар 24 телеарнасы