379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандының орталығында құбыр жарылды

  • 123
  • UPD: 23:27, 15.05.2019
Қарағандының орталығында құбыр жарылды

Қарағандының қақ ортасында құбыр жарылып, қала көшесін көл қылды. Қысымның күштілігі сондай су 10 метрге дейін шапшып, фонтан атқылаған.

Мамандардың айтуынша, құбыр гидравликалық сынаққа шыдамай, жарылып кеткен. Бұл жұмыс жылу маусымы аяқталған күннен бері жүріп жатыр. Биыл коммуналдық компания 26 шақырым құбырды ауыстыруды жоспарлап отыр.

Иван Выткин, коммуналдық компания бас инженерінің орынбасары:

- Қалаішілік құбырдың 70 проценті әбден тозған. Бір жерін жөндеп жатсаң екінші тұсы жарылып жатады. Ал толық жаңартуға қаражат жоқ. Жыл сайын бөлінетін азын-аулақ ақшаға шамалы бөлігін ауыстырамыз. Бұл мәселені шешпейді.

Хабар 24 телеарнасы