378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада жүк көлігі мен шағын автобус соқтығысты

  • 242
Елордада жүк көлігі мен шағын автобус соқтығысты inform.kz

Елордада жол-көлік апатынан 11 адам жарақат алды.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы София Қылышбекова айтты.

«19 мамыр күні сағат 16.05 шамасында Тілендиев даңғылының бойында жүк көлігі шағын автобуспен соғысты. Жол апаты салдарынан зардап шеккендер бар. Медициналық мекемелерге 11 адам жеткізілсе, қазіргі уақытта оның екеуі ауруханаға жатқызылды»,  - деді ол. Оның айтуынша, жол апаты фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалған.  «Жол апатының мән-жайы анықталып жатыр»,  - деді Софья Қылышбекова.

Ақпарат көзі: inform.kz

Хабар 24 телеарнасы