378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италиядағы автобус апатына ұшырағандардың арасында 9 қазақстандық бар

  • 215
  • UPD: 08:07, 23.05.2019

Италияның Флоренциясы маңында туристер мінген автобус аударылып, бір адам қаза тапты.

Отыз бірі түрлі жарақат алған. Олардың ішінде 9 қазақстандық бар деген ақпар тарады. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлайды. 

Жараланған отандастарымыздың 5-і ауруханаға жеткізіліп, қалған 4 адам қонақүйге орналастырылады. Зардап шеккен қазақстандықтардың омыртқасына зақым келіп, бұғана сүйек пен қабырғалары сынып, көптеген жарақат алған. Жақын арада жергілікті дәрігерлер оларды толық медициналық тексеру өткізіп, әрі қарай емделу бойынша кеңес береді.

Біздің дипломаттар отандастарымыздың жанында және оларға барлық қажетті көмек көрсетуде. Зардап шеккен азаматтардың туыстары оқиға туралы хабардар етілді.

Қазақстанның Италиядағы Елшілігімен +390636301130 номері арқылы хабарласуға болады.

Сондай-ақ саяхатқа Ресей, Армения, Молдавия, Грузия және Украина елінің азаматтары да шыққан. Автобуста барлығы 60 адам отырған. «Сиена ньюс» порталының мәліметі бойынша туристік топты басқарушы 40 жастағы келіншек қайтыс болған. Әзірге жол апатының себептері белгісіз. Жергілікті ақпарат құралдарының болжамы бойынша, жүргізуші есінен танып қалған көрінеді.

Хабар 24 телеарнасы