386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қорықшының өліміне қатысты күдікті қамауға алынды

  • 155
  • UPD: 21:22, 30.07.2019
Қорықшының өліміне қатысты күдікті қамауға алынды

Қорықшының қазасына қатысы бар күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді ол алдағы 2 айын темір торда өткізеді.

Бұл жөнінде Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлайды. 1974 жылғы ер адамды қамауда ұстау туралы үкімді Жарқайың аудандық сотының тергеу соты шығарған. Оған Қылмыстық кодекстің 99-бабы, яғни, «Адам өлтіру» бойынша айып тағылып отыр.

Айта кетейік, осыдан тура бір апта бұрын «Охотзоопром» инспекторы Қаныш Нұртазинов браконьерлердің қолынан қаза болған еді. Ал оның әріптесі Самат Оспанов жараланып ауруханаға түсті. Кейін жедел іздестіру шарасы кезінде осы қылмысқа байланысты Арқалық қаласының 45 және 20 жастағы тұрғындары анықталған болатын.

Хабар 24 телеарнасы