387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да екі жасар қыз терезеден құлап мерт болды

  • 163
  • UPD: 21:46, 20.08.2019
СҚО-да екі жасар қыз терезеден құлап мерт болды kemerovo.bezformata.com

Солтүстік Қазақстан облысының  Новоишимка ауылында кішкентай қыз төртінші қабаттан құлап мерт болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің айтуынша, 2 жасар бала терезе торына сүйеніп, сонымен бірге құлап кеткен. Сәби аудандық ауруханаға жеткізілген екен. Бірақ ауыр дене жарақаттарынан сол жерде жан тапсырды. 

Евгений Журавлев, облыстық ТЖД бас маманы:

Қазіргі торлар баланың салмағына шыдамайды. Сондықтан терезені жауып қойған дұрыс. Немесе оқшаулау құралдарын орнату керек.

Сондай-ақ, олардың мәліметінше, жыл басынан бері СҚО-да осындай үш жағдай болған.

Төтенше жағдайлар департаменті балаларды қорғау үшін келесі іс-шараларды жүргізуді ұсынады:

- үйде бала болса, терезені ашық қалдырмау;

- терезені тиісті қорғаусыз москит торларын қолданбау - балалар сенімді тірек ретінде қабылдай отырып, оларға сүйенуді жақсы көреді;

- баланы, әсіресе терезелердің, балкондардың және шыны есіктердің жанында ойнайтын баланы қараусыз қалдырмау;

- бала терезеге кірмей, төмен түспеуі үшін терезелері бар жиһазды жа-қын жерде қоймаңыз;

- балаларға қауіпсіздік сабақтарын үйрету. Үлкен балаларды кішілерге қарауға үйрету.

Хабар 24 телеарнасы