387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Инспектор Е.Нұрғалиевтің өліміне қатысты сотқа дейінгі тыңдау өтті

  • 167
  • UPD: 23:05, 28.08.2019

Қарағандыда табиғат қорғау испекторы Ерлан Нұрғалиевтің өліміне қатысты сот алды тыңдау өтті. Жауапқа Қызылорда қаласының 7 тұрғыны тартылмақ.

Оның үшеуі адам өлтіру, ал төртеуі заңсыз аңшылықпен айналысты деген күдікке ілінген. Айта кету керек, қарсы тараптар негізгі сот отырысы басталмас бұрын  істі қайта тергеуге жіберуді сұрап отыр. Нұрғалиевті өлтірді деген күдікпен қамауда отырғандар Берік Ахметов, Мұрат Шөкілдеков және Қайрат Ақшанов. Сот алды тыңдауларда айыпталушы тарап тергеу толыққанды жүрмеді деген уәж келтірген. Қорғаушылар болса қамаудағылардың қасақана кісі өлтірмегенін айтады. Соған орай кісі өлтіру бабын жарақаттау бабына ауыстыруды сұрап, қайта тергеу жүргенін қалайды. Ал жәбірленуші жақ, керісінше қамауда отырғандардың қасына қалған төртеуді де қосу керек дейді. Өйткені олар қылмысты жасырып, құзырлы органдарға хабарламаған. Естеріңізге сала кетейік, оқиға 13 қаңтарда болған еді. Табиғат қорғау испекторлары браконьерлердің ізіне түсіп, қуып жеткенде екі инспекторды 3 браконьер соққыға жыққан. Сөйтіп Петр Ницык жарақат алып, Ерлан Нұрғалиев екі күн ес-түссіз жатып жан тапсырған болатын.

Алмат Қасқырбай, жәбірлеуніш тараптың адвокаты:

- Ницыкты өлтірмекші болып аяғына дейін жеткізе алмады. Ал Нұрғалиевті өлтіргенін біле тұрып, арнайы мекемелерге хабар бермеген. Базаров, Қайырбеков, Мырзабеков пен Акимовқа осы қылмыстық кодекстің 432 мен 434-баптары бойныша қылмыстық жауапқа тартылуы керек.  Соны өтініп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы