389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында 300 мың теңге пара алған басшы сотталды

  • 232
  • UPD: 10:36, 19.09.2019
Қызылорда облысында 300 мың теңге пара алған басшы сотталды radio7.kz

Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі таяуда «Қызылорда облысының орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» ҚММ басшысы Ф.Д.Смағұловқа қатысты пара алу күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Ол ҚММ қызметкерінен жұмысқа қабылдағаны және қамқорлығы үшін 300 мың теңге пара алды деп күдікке ілінді.

17 қыркүйекте Қызылорда қаласының №2 сотының үкімімен Ф.Д.Смағұловқа пара алғаны үшін мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойы айыра отырып, 12 млн теңге көлемінде айыппұл төлеу жазасы тағайындалды.

Хабар 24 телеарнасы