389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстағы полигонда болған жарылыстан 10 сапер жараланды

  • 348
  • UPD: 22:49, 21.09.2019

21 қыркүйекте арнайы жабдықталған полигон аумағында (Арыс қаласынан 60 шақырым жерде) жоспарлы жару жұмыстары барысында оқдәрінің фрагменті өздігінен жарылды.

Нәтижесінде  келісім-шарт бойынша арнайы дайындалған 10 сапер-әскери қызметші жарқыншақ жарақатын алды. Аталған әскери қызметшілер Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің далалық госпиталіне жатқызылды. Оларға қажетті медициналық көмек толық көрсетілуде. Болған оқиғаның себептері мен жағдайларын анықтау үшін қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы