389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореяда тағы бір қазақстандық заңсыз еңбек мигранты жол апатына ұшырады

  • 130
  • UPD: 13:54, 09.10.2019
Оңтүстік Кореяда тағы бір қазақстандық заңсыз еңбек мигранты жол апатына ұшырады

Оқиға өткен жұмада Чхонан қаласында болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көлікпен келе жатқан қазақстандық жүк машинасына соқтығысқан. Полиция апатқа кінәлі адамның жүргізуші куәлігі жоқ екенін анықтады. Оның үстіне ол елде заңсыз жүрген.

Шамамен бір жыл бұрын ол Оңтүстік Кореяға турист ретінде келіпті. Қазір 26 жастағы Қазақстан азаматы Чхонандағы ауруханада емделуде. Дәрігерлер оның омыртқа жотасы мен мықыны сынғанын анықтады. Нұргелді елде заңсыз болғандықтан, медициналық сақтандыруы жоқ. Сондықтан оны емдеу үшін қарыз күн сайын өсіп келеді және бірнеше мың долларға жеткен. Сонымен қатар зардап шеккен жүргізуші одан өз шығынын төлеуді талап етіп отыр. Корея Республикасының азаматы оны 10 миллион вон, яғни 8300 АҚШ доллары көлемінде бағалаған.

Естеріңізге сала кетейік, айдың басында Оңтүстік Кореяда ереже бұзып, ізін суытпақ болған Қазақстан азаматы ұсталған болатын.

Хабар 24 телеарнасы