388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы-Талғар трассасында аттылы адамды көлік қағып кетті

  • 126
  • UPD: 15:16, 21.10.2019
Алматы-Талғар трассасында аттылы адамды көлік қағып кетті newtimes.kz

Алматыдағы Талғар трассасында аттылы адамды көлік қақты.

Нәтижесінде түрлі ауыр жарақат салдарынан жылқы үстіндегі азамат пен көлік жүргізушісі қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Куәгерлердің айтуынша, жол талғамайтын автомобиль жүргізушісі кенеттен жолға шыға келген аттылыны байқамай қалғандықтан, бұрылып үлгермеген. Оқиғаның мән-жайын жол сақшылары анықтау үстінде.

Сондай-ақ «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінде 15 жастағы жасөспірім жол-көлік оқиғасы салдарынан көз жұмды. Куәгерлер 3 жеткіншек көпір үстінде тұрып, кейін қарсы бетке өткенін айтады. Жарықтандырылмаған аумақта аяқ астынан атып шыққан жаяу жүргіншіні Toyota Camry көлігі қағып өткен. Басынан ауыр соққы алған жасөпірім сол сәтте жан тапсырды. Полицейлер істің анық-қанығын айқындауға кірісті.

Хабар 24 телеарнасы