411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израильде қоғамдық көліктің балама түрлері дамып келеді

  • 547
  • UPD: 10:58, 29.10.2019

Израильде қоғамдық көліктің балама түрлері белсенді түрде дамып келеді. Қатынас құралдарын жалға алу да дұрыс жолға қойылған. Тұрғындарға жеңіл болу үшін ұялы қосымшалар іске қосылды. 

Бұрын қоғамдық көлік дегенде, көзге үйреншікті автобус, троллейбус, трамвай немесе такси көзге елестейтін. Ал енді бұл ұғымның жиегі едәуір кеңейген. Мысалға самокатты алайық. Израиль қалаларында ұялы қосымшаның көмегімен көліктің осы түрімен қалаған жерге жетесің. Және бұл сапарыңыз автобуспен жүргеннен үш есе арзан түседі. Көлік кептелісі те кедергі жасамайды, сондай-ақ экологияға еш зияны жоқ. Енді қоғамдық көлік жоғарғы технологиялық салаға айналған. 

Габриела Адирим, «Мувит» компаниясындағы топ жетекшісі:

- Біз бүгін осында адамның басты құқықтарының бірі еркін қозғалуын талқылау үшін жиналдық. Еркін қатынау мүмкіндігі өмір сапасына үлкен әсер етеді. Көптеген компаниялар осы нарыққа түрлі жобалармен кіріп жатыр. 

Бұл саланың екі тармағын бөліп қарауға болады. Бірінші қатынас көліктерінің өзі, ал екіншісі технологиялар. Көлік құралдары бірден көзге түседі. Тель-Авив көшелерінде қысқа мерзімді жалға алуға болатын мыңдаған велосипед пен самокат бар. Автомобильді де қалаған уақытқа жалдауға болады. 

Ирит Зингер, «Heremobility» компаниясының маркетинг қызметінің басшысы:

- Мемлекет бұл саланың дамуына назар салып, инфрақұрылыммен оған қатысуы керек. Муниципалитеттің велосипедтер немесе самокаттарды жалға берумен айналыспайтыны түсінікті, бірақ веложолақтар мен тұрақтар салып, олардың қозғалу еркіндігін қамтамасыз ете алады. Немесе салық жеңілдіктерін беруі мүмкін. 

Екінші тармағы түрлі ұялы қосымшалар. Қазіргі кезде олар ермектен гөрі тұрмысымыздың маңызды бір бөлігіне айналған. Мәселен Вэйз навигаторы жол көрсетумен қатар,  сапарластарды тауып береді. Ал Геттакси қосымшасы такси шақырумен қатар, қажетті тауарлар жеткізе алады.  

Авторы: Сергей Ауслендер

Хабар 24 телеарнасы