386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғандық полицейлер 20 жастағы жігітті құтқарып қалды

  • 173
  • UPD: 13:37, 11.11.2019
Талдықорғандық полицейлер 20 жастағы жігітті құтқарып қалды inform.kz

Талдықорғанда жарық дүниемен қоштаспақшы болған 20 жастағы жігіт құтқарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқыс оқиға Қарасай ауданындағы «Асыл арман» тұрғын үй кешенінде болған. Осындағы пәтерлердің біріндегі отбасылық жанжал туралы қоңыраудан соң оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері бесінші қабаттың балконынан салбырап тұрған азаматты көреді.

Лейтенант Ержан Қалжан мен аға сержант Бақыт Исаев өз өмірлерін тәуекелге тіге жүріп, суицидке барған азаматты аман алып қалды. Кейін анықталғандай, бозбала ағасымен ренжіскен. Алды-артын ойлатпас ашудың ырқымен әрі мастықпен төменге секірмек болған. Оны райынан қайтарғысы келген туыстарының іс-қимылы еш нәтиже бермеген. «Егер тәртіп сақшыларының әбжіл әрекеті болмағанда, оқиғаның соңы қайғылы аяқталуы әбден мүмкін еді», - дейді облыстық полиция департаментінің басшылығы.

Хабар 24 телеарнасы