384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында жолда қалған екі автобус жолаушылары құтқарылды

  • 129
  • UPD: 13:26, 20.11.2019
Павлодар облысында жолда қалған екі автобус жолаушылары құтқарылды

Павлодарда тас жолдардың бойында екі автобус тоқтап қалды.

Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, бүгін таңғы уақытта Павлодар-Қызылорда жолының 200-шақырымында Новокузнецк-Шымкент бағытында келе жатқан автобус сынып қалды.

Көліктің ішінде 45 жолаушы болған. Олардың 43-і Тәжікстан азаматтары. Оқиға орнына құтқарушы отряд мамандары дереу жетіп, азаматтарды жақын маңдағы жылыту пунктіне жеткізді. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Шетел азаматтарының ешқайсысына медициналық көмек қажет болған жоқ. Екінші оқыс оқиға да Павлодар-Қызылорда тас жолының бойында тіркелді. Омбыға жол тартқан көлікте техникалық ақау анықталып, қирап қалған. Жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдайлар қызметі сондай-ақ полиция мамандары құтқару операциясына қатысып, 11 жолаушыны жақын жердегі жылыту орнына апарды.

Айта кетейік, алдағы күндері облыста ауа температурасы -30 градусқа дейін төмендемек. Ауа райының қолайсыздығына байланысты сала мамандары күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Бүгінде Ертіс өңірінде жолдардың бойында 200-ден астам жылыту бекеті бар.

Ернұр Өтегенов, облыстық ТЖД бастығы:

- Екібастұз өңірінің Бозшакөл ауылының маңайында 45 адам болған автобус сынып қалған болатын. Ешқандай қарға тоқтап қалған жоқ, сынып қалды. Сол 43 адам Бозшакөл ауылының жылыту пунктіне жіберілді. Қазір сонда тұр. Және қазір екі автокөлік жүргізушісі сол автокөлікте жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ешкімнің денсаулығына қауіп болған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы