375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Astana Motorsports» директоры 800 млн теңге ұрлаған деген күдікке ілінді

  • 244
  • UPD: 22:52, 14.12.2019
«Astana Motorsports» директоры 800 млн теңге ұрлаған деген күдікке ілінді

«Astana Motorsports» командасының директоры және капитаны Артур Ардавичус 800 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді, деді брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2-департаментінің бастығы Сергей Перов.

Тергеу мәліметінше, Ардавичус ұрланған қаражатты шетелдік және қазақстандық компаниялар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырып, өз қалтасына басқан.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2016-2017 жылдары Қазақстанда автоспортты дамытуға бөлінген қаражаттың ұрлануы бойынша тергеу жүргізуде.

Перовтың мәлімдеуінше, «Astana Motorsports» командасының директоры және капитаны Артур Ардавичустың оқу-жаттығу жиындары мен жарыстар өткізу өтініштерін асыра көрсетіп, 800 миллионнан астам теңгені ұрлап кеткені анықталды.

Брифингте айтылғандай, Ардавичустың өзі бірнеше рет куәлік беруге шақырылған, алайда ол шетелде жүргенін айтып, келуден бас тартқан.

prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы