380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оқиғалар хроникасы. 18 желтоқсан

  • 157
  • UPD: 10:23, 18.12.2019
Оқиғалар хроникасы. 18 желтоқсан

Ақтөбе облысының аумағында тас жол бойында автобус бұзылып, тоқтап қалды.

Оның ішінде 42 жолаушы болған. Барлығы – Қырғызстан елінің азаматтары. Шетелдіктер мінген автобус Қырғызстаннан Ресей астанасы Мәскеуге бара жатқан. Қозғалтқышында ақау пайда болғандықтан, жүргізуші көлігін жолдың шетіне тоқтатуға мәжбүр болған. Содан олар 4-5 сағат далада тұрып қалған. Патрульдік полиция қызметкерлері көмекке келмегенде, қыстың көзі қырауда жолаушылардың жағдайы қиын болар еді. Олар адамдарды жақын маңдағы кемпингке жеткізіп, автобусты жөндеуге қолұшын берген.

Мас жүргізуші полиция көлігін соқты

Шытырман киноға бергісіз шынайы оқиға. Ақтаудағы көлік жуу орынынан Тойота Камри машинасымен шыққан жүргізушінің мас екендігін біреулер байқап қалып, полицияға қоңырау шалған. Алынған ақпар бойынша патрульдік полиция күдікті көлікті базардың маңынан тауып алады. Тоқтау белгісіне құлақ асқан жүргізуші жылдамдықты үдетіп, базарға кіріп кеткен. Көпшілік жерде адам өміріне қауіп төндіретіндіктен, тәртіп сақшылары өз көліктерімен оның алдын кес-кестестеуге тура келген. Мас жүргізуші полицияның қызмет машинасын соғып барып қана тоқтаған. Сараптама оның шынымен ішімдік ісшкенін дәлелдеді. Оқиға барысында ешкім зардап шеккен жоқ. Ал жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Алматы облысының төтенше жағдайлар қызметіне Сарқан ауданындағы  Лепсі ауылының маңында 1960 жылы туған ер адам адасып кеткендігі туралы хабар келіп тұскен. Ол мал бағуға шығып, қалың тұманға тап болған. Жоғалған адамды іздеуге 3 техника, 21 адам тартылды. Көз көргісіз қою тұман біраз қиындық тудырса да, GPS-дің көмегімен бақташы екі сағаттың ішінде табылды. Өзі де, малдары да аман.

Петропавловск қаласында Шухов көшесіндегі 42-мекенжайда орналасқан отбасылық жатақхананың бір бөлмесі өртенді. Негізінен үй жиһаздары мен заттары жанған. От 18 шаршы метрді қамтыған. Шұғыл түрде 10 адам құтқарылып, 50 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Өрт таңғы сағат кездерінде толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.   

Рамиль Камалов, ТЖД басшысы:

– Өрт бесінші қабатта болғандықтан, біз автобаспалдақтарды барынша пайдалануға тырыстық. Қою түтін біраз қиындық тудырды. Тұрғындардың өздігінен шығу мүмкіндігі болған жоқ. Сондықтан біз құтқару капишондарын пайдаландық.

Хабар 24 телеарнасы