420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда тұрғыны жабайы елікті құтқарып қалды

  • 643
  • UPD: 19:58, 26.12.2019

Нұрлан есімді азамат қарлы боран кезінде адасып, жолға шығып кеткен елікті көріп, ұстап алған.

Ұстаған жануарды бірден жақын маңдағы мал базарына жеткізіп, құтқару қызметіне хабарлаған. Мамандар еліктің жағдайын тексеріп болған соң Қызылжар орман шаруашылығына жіберген. Осы ретте орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті құтқарушыларға алғыс білдірді. Сондай-ақ тұрғындардан адасқан жабайы аңды кездестірген жағдайда арнай қызметке хабарласуды сұрайды.

Хабар 24 телеарнасы